Қанат Ислам алдағы айқасына дайындықты бастады
Қанат Ислам алдағы айқасына дайындықты бастады
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам (29-1, 22 KO) келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады деп жазды turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі таңда боксшы Қазақстанда жүр және бірінші жаттығу лагерін бастамақ. Ал біраз уақыттан кейін АҚШ-қа аттанады, сол жақта бапкері Роджер Ромромен дайындығын жалғастырады.
Әзірге келесі жекпе-жектің өтетін орны мен өзге ақпарат белгісіз.
Айта кетейік, Қанат Ислам рингке 2022 жылдың 7 қазанында Плант-Ситидегі бокс кешінде шығып, төрешілер шешімімен аргентиналық Хавьер Франсиско Масьелді (34-18, 23 КО) жеңген болатын.