Самұрық-Қазына жыл сайын «Қазақстан халқына» қорына қаражат бөледі – Үкімет қаулысы

Самұрық-Қазына жыл сайын «Қазақстан халқына» қорына қаражат бөледі – Үкімет қаулысы

Самұрық-Қазына жыл сайын «Қазақстан халқына» қорына қаражат бөледі – Үкімет қаулысы
ашық дереккөзі
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жыл сайын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына таза табысының кемінде 7%-ын аударып отырады. Қаражатты бөлу тәртібін реттейтін ережелер Үкімет қаулысымен бекітілді деп хабарлады turkystan.kz. Қаулыға сәйкес «Қазақстан халқына» қоры аударылған қаражатты белгіленген мақсатқа бағыттауға тиіс. Айта кету керек, бүгінде қор алты бағыт бойынша 25-тен астам қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асырады, олардың ішінде медицина, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қолдау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету салалары бар. Атап айтқанда, науқастарды дәрі-дәрмекпен, жастар мен мүгедектігі бар балаларды инновациялық протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету, ауылда негізгі мектептер, ерте араласу орталықтары, аутизммен ауыратын балаларға арналған орталықтарды құру, медициналық ұйымдарды заманауи құралдармен жабдықтау, ауыл мектептерінің түлектеріне және халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін оқушыларға білім гранттарын ұсыну бағдарламалары қарастырылған.