Әлемдегі ең үлкен ұшақты қазақ жігіті басқарады
Әлемдегі ең үлкен ұшақты қазақ жігіті басқарады
Әлемдегі ең алып лайнердің бірін қазақ жігіті басқарады. Біржан Талғатбекұлы - бүгінде 600 адам сыйып кететін әуе кемесінің ұшқышы. Бір қызығы, Талғат ұшқыш мамандығын небәрі екі жыл ғана оқыған. Оны Біріккен Араб Әмірліктерінің әуе команиясы Қазақстаннан шақырып алған деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Келісімшарт негізінде жұмыс істеп жатқан Талғат алып ұшақпен әлемнің түкпір-түкпіріне жолаушыларды тасып жүр.
«Қазір Біріккен Араб Әмірлігінде әлемдегі ең үлкен 600 адамдық Airbus A380 ұшағында екінші пилот болып жұмыс істеймін. Көбіне АҚШ, Аустралия, Еуропаның ірі қалаларына ұшамыз, жалпы дүние жүзінің барлық континенттеріне рейстер бар. Үлкен ұшақ болған соң ұзақ рейстер жасаймыз. Орташа алғанда 12-13 сағатты алады, ең ұзақ сапар Біріккен Араб Әмірліктерінен АҚШ-тың Калифорния штатына ұшу кезінде болады. Ондай сапарларда 16-17 сағаттай әуеде боламыз», - деді Біржан Талғатбекұлы.
Біржанды алпауыт шетелдік компанияның басшылары үш күндік сынақтан соң бірден жұмысқа қабылдаған. Ол алғашында Алматы қаласындағы Азаматтық авиация академиясына оқуға түскен. Алайда бірінші курсты бітірген соң оқуды тастап кеткен. Air Astana-ның Ab-Initio ұшқыштарды дайындау бағдарламасы бойынша емтихан тапсырады. Сынақтан сүрінбеген қазақ жігіті осылайша Америкадан бір-ақ шыққан.