Нилуфар Раимова Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

12 сәуір, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Нилуфар Раимова Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды Бүгін Астанада әйелдер күресінен Азия чемпионатының екінші ойын күнінде Нилуфар Раимова (57 келі) қола алды деп хабарлады turkystan.kz. Ол 3-орын үшін сайыста қырғызстандық Бермет Нуридинқызымен кездесті. Белдесу барысында қазақстандық балуан жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан 7:0 есебімен басым түсті. Сондай-ақ, бүгін ел құрамасынан Жәмила Бақбергенова (72 келі) жапониялық Сумире Никурамен алтын жүлдені сарапқа салады. Ал Альбина Қайыргелдинова (65 келі) қола жүлдеге таласады. Қарсыласы - үндістандық Маниша Маниша.