Жаңалықтар

Шәкәрім университетінің 187 оқытушысында Хирш индексі бар – Жанар Қалибекқызы

ашық дереккөзі

Шәкәрім университетінің 187 оқытушысында Хирш индексі бар – Жанар Қалибекқызы

12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні. Ғылыми-зерттеу – білім берумен қатар университеттегі негізгі қызметтердің бірі екені белгілі. Қазіргі уақытта кез келген университеттің ең құнды активі – профессорлық-оқытушылық құрам. Жоғары оқу орындарының жетістігі осы құрам жұмысының біліктілігі, сапасы және тиімділігімен өлшенеді. Ал университеттің жетістігі оқу орнының бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер етеді. Қазіргі таңда Шәкәрім университеті қызметкерлерінің саны 970 адамды құрайды. Оның 52%-ы ғылыми дәрежеге ие тұлғалар, яғни, 18-і ғылым докторы, 115-і ғылым кандидаты, 41-і PhD докторлар. Жыл сайынғы «Үздік оқытушы» конкурсында кейінгі екі жылдың нәтижесі бойынша 11 адам аталмыш ғылыми дәреженің иегері атанды. Шәкәрім университетінде студенттердің ғылыми-зерттеу қызметінің рейтингі олардың ғылым жасауға қатысу үлесін есептеуге мүмкіндік берді. Мәселен, рейтинг нәтижесінде студенттердің ҒЗЖ-ға қатысуының орташа пайызы 48%-ға тең екені анықталды. Университетте жалпы жиыны 28 студенттік ғылыми үйірмеде  1 000-ға жуық білім алушы жұмыс істейді. Жыл сайын студенттеріміз халықаралық, республикалық конференциялардың, олимпиадалардың, конкурстардың жеңімпаздары атанады. 2022 жылы 150-ден астам студент жүлдегер атанды. Мұның бәрі университеттің сапалы, білікті және білімді профессорлық-оқытушылық құрамының қажырлы еңбегінің нәтижесі.  

Жанар ҚАЛИБЕКҚЫЗЫ,

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ-ның

Басқарма мүшесі – ғылым және инновация жөніндегі проректоры,

биология ғылымының кандидаты, профессор