Жаңалықтар

Құтқарушылар саябағында Асқар Забикулинге естелік тақтайша орнатылды

ашық дереккөзі

Құтқарушылар саябағында Асқар Забикулинге естелік тақтайша орнатылды

Құтқарушылар саябағында 2022 жылы адамдарды құтқару кезінде ерлікпен қаза тапқан елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулинге арналған естелік тақта орнатылды деп хабарлады turkystan.kz. Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылғы 16 қарашада сағат 10.43 шамасында  «101» тетігіне Астана қаласындағы «Қаһарман» тұрғын-үй кешенінде өрт туралы хабарлама келіп түскен. 11 қабаттағы пәтер жанып жатқаны анықталды. Үйдің тұрғындарына қауіп төніп, қабаттарда қатты түтін пайда болды. Соның салдарынан пәтерлерде және саты алаңдарында болған азаматтар өз бетінше ғимараттан шыға алмаған. «А.С. Забикулин 12 қабатта орналасқан терезеден құтқару арқаны көмегімен жанып жатқан пәтердің (11 қабатқа) терезесіне түсті. Сол уақытта  пәтерде адамдар болды. Екі зардап шеккендерді анықтағаннан кейін, оларды сол уақытта оның әріптестері бұзып, кіреберіс есігі арқылы алып шықты.  Содан А.С.Забикулин көрші пәтерге жүгіріп кіріп, өз бетімен қатты түтіннен шыға алмай отырған, қалың түтін арасынан 10 жастағы баланы тауып алып, құтқарды», - делінген хабарламада. Дегенмен, адамдарды құтқару кезінде А.С.Забикулин 80%-ға жуық дененің термиялық күйіктерін алған. Ол №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн күрескенімен, 20 қарашада жігіт ауруханада көз жұмды. «Оның батыл әрекетінің арқасында адам өмірі сақталды. Қызметтік борышын орындау және адамдар өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі үшін азаматтық қорғау капитаны Асқар Серікұлы Забикулин Қазақстан Республикасының           «І дәрежелі Айбын» мемлекеттік наградасымен марапатталды», - делінген хабарламада.