Жаңалықтар

Астанада жаңадан құрылған Нұра ауданының әкімі тағайындалды

ашық дереккөзі

Астанада жаңадан құрылған Нұра ауданының әкімі тағайындалды

Президент Әкімшілігі және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Астана қаласы Нұра ауданының әкімі лауазымына бұған дейін Сарыарқа ауданының әкімі болған Жүсіп Жұмағұлов тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, Сарыарқа ауданында «Нұр бесік» шағынауданының үлкен проблемасы болды. Бұл мәселе 16 жыл бойы шешімін таппай жүрген. Жүсіп Рахатұлы осы мәселенің шешу жолдарын тауып, өткен аптада сотпен және прокуратурамен келісіп, жұмыстарды бастап кетті. Оның да өз алгоритмі бар, тамыз айының соңына дейін бұл проблема шешіледі деп жоспарлап отырмыз. Аудан үшін бұл ең жақсы шешім болды, сондықтан мұны Жүсіптің үлкен жеңісі деп санаймын. Жаңа Нұра ауданында да мәселелер аз емес, оның ішінде «Үркер» тұрғын алабы бар. Барлық мәселені депутаттық корпуспен тығыз жұмыс істеп шешуге болады деп ойлаймын», - деді елорда әкімі Жеңіс Қасымбек бүгінгі мәслихат отырысында.

Астана қаласының мәслихаты әкімді тағайындауға келісімін берді.