Жаңалықтар

Астанада наразылық білдірген мұнайшылар Жаңаөзенге қайтты (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Астанада наразылық білдірген мұнайшылар Жаңаөзенге қайтты (ВИДЕО)

«БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлері қамаудан босатылып, пойызбен Жаңаөзен қаласына жол жүріп кетті. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» компаниясы хабарлады деп жазды turkystan.kz.

«ҚазМұнайГаз» компаниясының байланыс тобы мен «БерӘлі Маңғыстау Company» өкілдері арнайы жұмыс комиссиясын құру туралы келісімге келді. Ол комиссия «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің талаптарын заң аясында шешу үшін қарастыратын болады.

Комиссия құрамына «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің 10 адамы кіреді. Құқық қорғау органдары ұстаған қалған мұнайшылар қамаудан босатылып, Астана уақыты бойынша 8.57-де пойызбен Жаңаөзен қаласына жол жүріп кетті, – делінген хабарламада.