Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жегінің датасын жариялады

12 сәуір, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Жалғас Жұмағұлов келесі жекпе-жегінің датасын жариялады

Аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов келесі айқасы қашан өтетінін айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«6 мамырға әрекет етіп жатырмыз, Иншаллах» деп жазды Жұмағұлов Instagram парақшасында.

Сондай-ақ ол келесі жекпе-жегінің постерін жариялады. Оның қарсыласы - бразилиялық спортшы Рафаэль Эстевам. Спортшы 11 айқас өткізіп, мүлдем жеңіліп көрмеген.

Кездесу 6 мамырда Ньюаркадағы (Нью-Джерси) UFC 288 турнирінде өтеді.