Нұрлан Ноғаев маңғыстаулықтарға үндеу жасады (ВИДЕО)
Нұрлан Ноғаев маңғыстаулықтарға үндеу жасады (ВИДЕО)
Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев облыс тұрғындарын тыныштық сақтауға шақырып, үндеу жасады деп хабарлады turkystan.kz.
«Құрметті маңғыстаулықтар! Қадірлі жерлестер! Бұл жағдайдың баршамыздың көңілімізге қаяу түсіріп отырғаны жасырын емес. Осы сәтте ашу үстінде асығыс шешім қабылдамай, сабыр сақтағанымыз жөн. Біз кез келген түйткілді мәселе мен қиындықтарды ақылмен шешіп, абыроймен алып келеміз. Қоғамдағы шиеленісті одан әрі ушықтыру, заң мен құқықтық нормаларды бұзу - жағдайдың тұрақсыздануына әкеледі, мәселені шешпейді. Баршаңызды сабыр сақтап, ел тыныштығын бұзбауға шақырамын. Біз бұл жағдайдың тек заң шеңберінде әділ шешілгенін қалаймыз. Баршамыздың мақсатымыз бір - ертеңгі күнге деген сенімділік пен елдің амандығы, жұрттың тыныштығы», - делінген әкімнің үндеуінде.