Ақтөбеде екі адамды пышақтап өлтірген күдікті қылмысын мойындады

Ақтөбеде екі адамды пышақтап өлтірген күдікті қылмысын мойындады

Ақтөбеде екі адамды пышақтап өлтірген күдікті қылмысын мойындады
ашық дереккөзі

Ақтөбеде бір отбасындағы үш адамды пышақтап кеткен күдікті қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz.

КТК арнасының мәліметінше, 23 жастағы тұрғын қарақшылық жолмен пайда таппақ болған.

Күдікті осыдан екі апта бұрын балконның ашық тұрған терезесінен пәтерге кірген. Сол кезде ұйқысынан оянып кеткен 35 жастағы келіншек пен оның 16 жастағы ұлын пышақтап өлтірген. Ал 13 жастағы оқушы қыздың мойнын тілгілеп, бес рет пышақ сұққан. Қансырап жатқан қыз тәртіп сақшыларына хабарласып, көмек сұрап үлгерген. Сол кезде жансақтау бөліміне жеткізілген оқушының қазір беті бері қарап, палатаға шығарылды.

Ал күдікті қылмысын мойындаған. Тергеу жүріп жатыр.

«Қылмыс жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Жиналған дәлелдемелердің арқасында қылмысын мойындады. Бұлтартпай ұстап, қамауға алды», – деді Ақтөбе облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мұрат Ауғалиев.