БҚО-да жоғалған 6-сынып оқушысы іздестіріліп жатыр

БҚО-да жоғалған 6-сынып оқушысы іздестіріліп жатыр

БҚО-да жоғалған 6-сынып оқушысы іздестіріліп жатыр
ашық дереккөзі
10 сәуірде сағат 21:00-де Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған ауылында 6-сынып оқушысы Әйтекеби Балмағамбет үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған деп хабарлайды turkystan.kz.
"Мой город" порталының жазуынша, бала қара күрте, көк шалбар, қара қалпақ және қара етік киген. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалған оқушы туралы қандай да бір ақпаратты білетіндерден Бәйтерек аудандық ішкі істер бөліміне 8 (71130) 22-002, 22-448, 8 705 515 80 70 телефондарына немесе полиция бөліміне хабарлауды сұрап отыр: 102 , 8 (7112) 51 04 50, 92 10 26.