Жаңалықтар

Жел, үсік: 9 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ашық дереккөзі

Жел, үсік: 9 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер Қазақстанның 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай жарқылдайды деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Талдықорғанда түнде және таңертең найзағай ойнайды деп күтіледі. Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл болады деп болжанады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 17-22 м/с құрайды. Атырауда күндіз шаңды дауыл болады. Күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с дейін жетеді. Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с құрайды. Ақтауда шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с. Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында сынап бағаны - 2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Орал қаласында түнде топырақ беті қатады, сынап бағаны -2 градус суықты көрсетеді. Павлодар облысының солтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түркістан облысының тауларында найзағай жарқылдап, бұршақ түседі деп болжанады. Найзағай кезінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. 12-13 сәуірде облыстың таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.