Жаңалықтар

Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды

ашық дереккөзі

Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды

Бүгін Астана қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында қазақстандық Эльмира Сыздықова (76 келі) «алтын» алды деп хабарлады turkystan.kz. Құрлықтық додада ол финалда қырғызстандық Айпері Медетқызымен шеберлік байқасты. Қазақстандық балуан қарсыласынан жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыласын жеңіп, Азия чемпионы атанды. Құрлықтық бәсекеде алғашқы белдесуінде ол өзбекстандық Озода Зарипбаеваны мерзімінен бұрын жеңіп кетті. Одан кейін қытайлық Хуан Вангті ұпай санымен қапы қалдырды. Айта кетсек, Э. Сыздықова биыл еліміздің VI жазғы Спартакиадасында топ жарды. Эльмира осыған дейін Азия чемпионатында 1 алтын, 2 күміс, 3 қола алған еді.