Жаңалықтар

Сығанақ қалашығы этнотуризм орталығына айналуы тиіс

ашық дереккөзі

Сығанақ қалашығы этнотуризм орталығына айналуы тиіс

Қызылорда облысында тарихи орындар өте көп, солардың бірі де бірегейіне Жаңақорған ауданындағы көне Сығанақ қалашығы жатады.

Ежелгі қала Сығанақ ЮНЕСКО мұрасының алдын ала тізіміне енгізілген. Сығанақ қаласының төл тарихын насихаттау өз қолымызда. Бұрынғы «Ұлы жібек жолы» қазіргі «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автокөлік дәлізінің бойына орналасқан Сығанақ қалашығының тарихы бағзы заманынан бері, ортағасырлық түркі елдерінің қасиетті мекенін көрсетеді, тарихтан сыр шертеді. Сығанақ қалышығы туралы ең алғашқы деректер 961-962 жылдары Қазақ тарихында Абу Саид Абд ал-Карим ас-Самани еңбектерінде «Китап ал-Ансаб» кітабының 47-бетінде кездеседі. «Мауренахр елдерінен Сейхун өзенінің арғы жағындағы қала, Фараб ауылдарының бірі Ас-Сунах нысабы Сунақ», – деп жазылған.

Қалашықтың қорғау аймағы – 309,6 гектар, қорғалатын табиғат ландшафты аймағы – 739,6 гектарды құрайды.

Жалпыұлттық және өңірлік маңызы бар қасиетті нысандардың қатарында діни-ғимарат ету нысандарымен қатар, ерекше бағаланатын тарихи-мәдени және табиғи мұра ескерткіштері де бар. Еліміздің рухани мұрасына сүйенген ішкі мәдени туризмді дамыту және қолдау мақсатында бұл «киелі белдеудің» нысандары туризм индустриясы үшін өрлеу нүктесіне айналуға тиіс. Енді осындай Сунақ Ата кесенесі, киелі орындарымызға келушілердің саны күн санап артып келеді, қазіргі таңда баба ұрпақтарының арқасында жол, электр жарығымен, ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ендігі мәселе электр жарығын үлкен тасжол бойынан Сығанақ қалашығы аралығындарға бағаналарға орнатылса. Жол бойын көгалдандыру жұмыстарықолға алынса. Талапқа сай дәмхана мен дәретхананы салу т.б.  жұмыстарды қажет етеді.Мысалы, Мәнсүр Мәлік, Сунақ Ата кесенесінен бастап Сығанақ қалашығына дейінгі аралыққа жаяужүргіншілерге жол салынса кесенеге келген туристер Сығанақ қалашығын көріп қайтуына ыңғайлы болар еді. Сунақ Ата мешіт медресесін археологтардың ашып, қайта жаңғыртып қойғанына біршама уақыт өтті. Осы тарихи ескерткішті соңына дейін үлкен, кіші күмбездерін орнатса, бұл дегенің үлкен ғимарат болар еді.Отырар, Сауран қақпаларын қайта жаңғыртып,ашып қойғанын білеміз. Сығанақ қалашығының шығыс қақпасын да осылай ашылуына болар еді. Қақпадан кейінгі қорғандарды да көтерсе. Ортағасырлық Сығанақ қаласының шығыс қақпасы өзіндік архитектуралық ерекшелігі бар құрылыс болып табылады. Қазба жұмыстары аралығында жүргізілді. Бұл қақпа ортағасырлық Сауран, Отырар қалаларының қақпа құрылысынан өзгешелеу. Қақпаның негізгі платформасы ғана күйдірілген кірпіштен қаланған, ал екі қапталдағы мұнарасы пахсадан жасалған және негізгі платформа алға қарай 4,5 м шығыңқы болып орналасқан. Платформаның қазіргі анықталған ең биік жері 1,7 м және одан төмен қарай жалғасып жатыр. Қазба жер асты суының шығып кетуіне байланысты тоқтатылды. Қазба барысында аспалы көпірді көтеріп-түсіретін тастан жасалған механизмімен ашылады.

      Сығанақ стеласының жанына «Сығанақ тарихы» музейі мен этно ауыл орналасса деген  ұсынысым бар. Сондықтан осы орайда, олардың  қазіргі заманға сай пайдалану үшін инфроқұрылымдарын дамыту, экологиялық аймағын сақтап, қоқыс мәселелерін реттеу, санитарлық талаптарға сай қонақүйлер салу, зияратшылар мен туристерге арналған визит орталығын ашу, мобильді интернетпен қамтамасыз ету тәрізді жобаларды қарқынды жүзеге асыру үшін республикалық деңгейде арнайы бағдарламажасақталуы қажет. «Қазақстаның киелі жерлерінің  географиясы» бағдарламасы бойынша сакралды орындарға келушілерге жағдай жасау мақсатында қазіргі заманға сай пайдаланылу үшін шаралар, абаттандыру-көркейту жұмыстарын, ландшафтық дизайынмен жүргіншілерге арналған шағын жолдар мен демалатын орындар жасау, киелі орында жүру тәртібі жазылған тақтайшалар орнату, дәретханалар салу, қоқыс салатын контейнерлер орнату, т.б. жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылса.

Сығанақ қалашығын алдағы уақытта жедел түрде қайта қалпына келтіру және тарихи мәдени ескерткіштерді ашу жұмыстарын қолға алу қажет деп білемін.

Рысбек Асқарұлы,

«Сығанақ тарихы» музейінің негізін қалаушы