Жаңалықтар

Абай университетінде Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері талқыланды

ашық дереккөзі

Абай университетінде Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері талқыланды

«Ғылым онкүндігі-2023» аясында Абай университетінің Тарих және құқық институтында Білім және ғылым министрлігінің №ИРН А09259623 «Атырау облысының тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін» ғылыми жобасының ауқымында «Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталмыш іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың, Х.Досмұхамедов атындағы  Атырау мемлекеттік университетінің профессор-оқытушы құрамы мен республикаға белгілі басқа да ғалымдар қатысты.