Жаңалықтар

Астанада жас қыз 12-қабаттан құлап кетті

ашық дереккөзі

Астанада жас қыз 12-қабаттан құлап кетті

Астаналық жас қыз 12-қабаттан құлап кетті деп хабарлады turkystan.kz. Ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Полиция департаменті бұл мәліметті растады. «10 сәуірде сағат 13:05-те «102» каналына Мұхамедханов көшесіндегі үйдің ауласында қыздың биіктіктен құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері қаза тапқан адамның жеке басын анықтады», - деп хабарлады ПД. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.