Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ант берді
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ант берді
Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ант берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан халқы мен Президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін», - деді министр.