Қызылордада тағы төбелес: оқушы ауруханаға түсті

Қызылордада тағы төбелес: оқушы ауруханаға түсті

Қызылордада тағы төбелес: оқушы ауруханаға түсті
ашық дереккөзі

Қызылордада тағы бір жасөспірім төбелесте алған жарақатымен ауруханаға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, оқиға 10 сәуір сағат 17:35 шамасында облыс орталығында болған.

Полицияға қала аумағындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында екі жасөспірім арасындағы төбелес туралы хабар түсті.

«Төбелестен біреуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының (бұзақылық) бойынша Полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаға байланысты күдікті жасөспірім Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды», - деді облыстық Полиция департаменті.

Одан бөлек, оқиғаға байланысты Қызылорда қалалық білім бөлімі түсініктеме берді.

«Облыс орталығындағы «Ақмешіт» шағынауданында №136 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы мен №9 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы арасында ерегес туындаған. «Орда» колледжінің студенті №136 мектепте оқитын інісіне жақтасып жарақат алған жасөспірімге әлімжеттік көрсеткен», - делінген хабарламада.