Жаңалықтар

Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус қаққан 4 адамның кім екені белгілі болды

ашық дереккөзі

Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус қаққан 4 адамның кім екені белгілі болды

Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус астында қалған марқұмдардың кім екені белгілі болды. Жолдан өтпек болған жүргіншілердің 4-еуі маңайдағы сауда орталығында сатушы болып жұмыс істеген деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап. Апаттан ажал құшқандардың ең үлкені 43 жастағы Азиза Егізбаева. Жалғызбасты келіншектің артында 5 баласы қалды. Үлкен қызы тұрмысқа жуырда ғана шыққан. Өзі қала сыртында пәтер жалдап тұрған. Сондықтан жаназасы таныстарының үйінде оқылды. Екінші адам 28 жастағы Азадхан Отапулатова. Марқұм аман болса, 11 сәуір күні 29 жасқа толар еді. Оның да артында мүмкіндігі шектеулі анасы қалды. Пәтер жағалап жүрген Азадхан да үйінің жалғыз асыраушысы болған. Жол апатынан жан тапсырғандардың тағы бірі 25 жастағы Айсана Тұрымбетова. Ол да маңайдағы сауда орталығында керамикалық ыдыстар сатқан. Апаттан ажал құшқандардың ең кішкентайы 14 жасар Әмина Жолдасбек. Ауруханада жан тапсырған қыз 9-сыныпта оқыған.