Жаңалықтар

Азия чемпионаты: бүгін әйелдер күресінен спортшыларымыз бақ сынайды

ашық дереккөзі

Азия чемпионаты: бүгін әйелдер күресінен спортшыларымыз бақ сынайды

Бүгін, 11 сәуірде Астана қаласында әйелдер күресінен ересектер арасында Азия чемпионатының алғашқы ойындары өтеді деп хабарлады turkystan.kz. Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен Азия біріншілігі болып жатыр. 9-10 сәуір күндері еркін күрес шеберлері жүлделерді сарапқа салды. Енді 11-12 сәуірде әйелдер күресінен сайыстар болады. Еліміздің әйелдер құрамасы: 50 келі - Эллада Махяддинова (Ақмола облысы) 53 келі - Алтын Шағаева (Алматы облысы) 55 келі - Марина Седнева (Алматы облысы) 57 келі - Нилуфар Раимова (Түркістан облысы) 59 келі - Диана Каюмова (Астана қаласы) 62 келі - Ирина Кузнецова (Ақмола облысы) 65 келі - Альбина Қайыргелдинова (Ақмола облысы) 68 келі - Елена Шалыгина (Шымкент қаласы) 72 келі - Жәмила Бақбергенова (Астана қаласы) 76 келі - Эльмира Сыздықова (Қарағанды облысы). 11 сәуірде 50, 55, 59, 68, 76 келідегі балуандар күреседі. Сондай-ақ 12 сәуірде 53, 57, 62, 65, 72 келі салмақта балуандар бақ сынайды. Күндізгі сессия сағат 11:30-да (алдын ала, жартылай финал және жұбаныш белдесулері) басталса, кешкі сессия 18:00-де (1 және 3-орын үшін) өткізіледі.