«Қош болыңдар»: Атырауда 16 жастағы қыз көпірден секіріп кетті
«Қош болыңдар»: Атырауда 16 жастағы қыз көпірден секіріп кетті
16 жастағы Әсемай Қазбекова 6 сәуір күні үйінен шығып, белгісіз бағытқа бет алған. Оны іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылды. Кейін қыздың көпірден секіріп кеткені анықталды. Бұл туралы волонтер Сандуғаш Кукенова Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Соңғы бейнеде Әсемайдың тек мостқа көтеріліп бара жатқаны көрінді. Сол жағадағы бір үйдің камерасынан қарауға үміттендік. Алайда үй иесі үш күн бойы үйінде болмады. Аң аулауға кеткенін білдік. Төртінші күн дегенде сол үйдің иесі келді. Әсемайдың әкесі әлгі үйдің камерасын қарауға барды. Бейнетаспадан Әсемайдың мосттан секіріп кеткенін көрген», - деп жазды Сандуғаш Кукенова.
Жасөспірімді іздеуге еріктілер мен халық қалаулылары да қосылған болатын. Бұған дейін облыстық мәслихат депутаты Надежда Шильман Facebook-тегі парақшасында Әсемай соңғы фотосуретін көпірдің қасында түсіріп, «Қош болыңдар» деген жазба қалдырғаны туралы жазған болатын. Полиция Әсемай Қазбекованы іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын хабарлады.