Головкиннің қайда «жоғалып кеткені» белгілі болды

Головкиннің қайда «жоғалып кеткені» белгілі болды

Головкиннің қайда «жоғалып кеткені» белгілі болды
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің БАҚ-пен жұмыс жөніндегі командасының өкілі Жанар Өтешева оқырманның GGG туралы сұрағына жауап берді деп хабарлады turkystan.kz. «Гена қайда жоғалып кетті? Бәрі жақсы ма?» - деп сұрады әлеуметтік желі қолданушысы. «Ол отбасымен бірге. Сондықтан бәрі дұрыс», -  деп жауап берді маман. Айта кетейік, 8 сәуірде Головкин өзінің 41 жасқа толған туған күнін атап өтті. Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қыркүйегінде Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena-да өткізді. Ол екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альвареске есе жіберген болатын.