Жаңалықтар

Еліміздің 12 өңірінде ескерту жарияланды

ашық дереккөзі

Еліміздің 12 өңірінде ескерту жарияланды

Қазақстанның 10 өңірі мен екі ірі қаласы – Шымкент пен Алматыда нөсер жауын жауып, күн күркіреп, үсік жүреді деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 11 сәуірде Жетісу облысының оңтүстік, орталық және таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың солтүстігі, шығысына батыстан жел соғып, екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді. Талдықорғанда нөсер жауын жауып, күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін. Батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. 11 сәуір түнде Түркістан облысының тауларына жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Оңтүстік, батыс, таулы және тау баурайындағы аудандарда күн күркіреп, таулы аудандарда бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Шымкентте 11 сәуір түнде және таңертең күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с болады. Түркістанда 11 сәуірде түннің алғашқы бөлігінде күн күркірейді. Солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының солтүстік, шығысына солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы - 15-20 м/с. 11 сәуір таңертең Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде күн күркіреуі мүмкін. Облыстың солтүстік-батысында түнде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с болады. Абай облысының оңтүстік-батысы, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел тұрып, солтүстік-батысқа ауысады деген болжам бар. Екпіні - 15-20 м/с. Семейде 11 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с жетеді. Күндіз Ұлытау облысының шығысында, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады. Жезқазғанда 11 сәуірде солтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. 11 сәуірде Қарағанды облысының оңтүстігі, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с болады. Күндіз Павлодар облысының көп бөлігінде жылдамдығы 15-20 м/с солтүстік-батыстан жел тұрады. Павлодарда 11 сәуір күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 11 сәуірде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысы, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. Оралда 11 сәуірде түнде топырақ бетінде 3 градус үсік жүруі мүмкін. Алматы облысының оңтүстік, таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстік бөлігінде күн күркіреп, бұршақ жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы облыстың оңтүстік бөлігінде 17-22 м/с жетеді, кей жерлерде 25 м/с болады. Алматыда кей жерлерде нөсер жауын, найзағай ойнауы мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы - 15 м/с. Қонаевта 11 сәуірде кей жерлерде күн күркіреп, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.