Жаңалықтар

«AMANAT CUP»: Алматыда футболдан өнерлі жастар арасында турнир өтті

ашық дереккөзі

«AMANAT CUP»: Алматыда футболдан өнерлі жастар арасында турнир өтті

Алматыда футболдан өнерлі жастар арасында турнир өтті. Оған еліміздегі ең үздік 8 медиа команда қатысты. «AMANAT» партиясының кубогына арналған доп додасы бұған дейін де бірнеше рет ұйымдастырылған. Саламатты өмір салтын дәріптеуді көздейтін жарысқа «Жастар Рухы» жастар қанаты тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді. Бұдан бөлек, 5 номинация бойынша үздік ойыншылар марапатталды. Атап айтқанда, «Мейірбек Жұбатов – Үздік қақпашы»  (LF Qurman), «Рауль Мақсотов – Үздік шабуылшы» (Madeniet Oral), «Сұлтан Бақыткириев – Үздік қорғаушы» (Arqalyq), «Елдос Өмірхан – Үздік ойыншы» (LF Qurman), ал «Әлиасқар Тағайбеков – Жаңа есім» (Zhambyl) аталымы бойынша марапатталды.