Абай университетінде «ROBO TIME-2023» республикалық сайысы өтті

Абай университетінде «ROBO TIME-2023» республикалық сайысы өтті

Абай университетінде «ROBO TIME-2023» республикалық сайысы өтті
ашық дереккөзі

Абай университетінде еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасында «ROBO TIME-2023» республикалық сайыс өтті деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шараны Математика, физика және информатика институтының информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасы, Stem-Park зертханасы және «Abai Robo» робототехника клубы ұйымдастырған.  width= Сайысқа жоғары оқу орындарының 8 командасы қатысты: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті (ОҚМПУ); М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті; Жұбанов университеті (бір командадан); Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (2 команда); Абай университеті (3 команда).  width= Командалар келесі үш санатта бақ сынасты: «Сызық бойымен жарыс», «Кегельринг-квадро» және «Робосумо» санатындағы роботтар жарысы. Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды Абай университеті, 2-орынды ОҚМПУ мен Жұбанов университеті командалары, 3-орынды Әуезов университеті мен Қыздар университетінің командалары иеленді. «ROBO TIME-2023» республикалық сайыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.