Жаңалықтар

Асхат Жіткеев халықаралық дәрежедегі төреші атағын алды

ашық дереккөзі

Асхат Жіткеев халықаралық дәрежедегі төреші атағын алды

4-9 сәуір күндері Алматыда дзюдодан IJF мамандарының қатысуымен құрлықтық және халықаралық дәрежедегі төрешілерге арналған семинар-емтихан өтті. 18 елден жиналған мамандар білімдерін жетілдіріп, Халықаралық дзюдо федерациясының сертификаттарымен марапатталды деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Федерацияның бас хатшысы Асхат Жіткеев бірнеше кезеңнен тұрған емтиханнан сүрінбей өтіп, IJF Continental – құрлықтық дәрежедегі төреші атағын алды. Бұл санаттағы төрешілер құрлықтық додаларда, яғни Азия ойындары, Азия Кубогі және Азия чемпионаты жарыстарында төрелік ету құқығына ие.

Бұл дәрежеге қол жеткізген қазақстандықтардың қатарында Николай Иванов пен IJF International – халықаралық төреші атағын алған Самат Сапишев те бар.