Жаңалықтар

Белгілі журналист өмірден озды

ашық дереккөзі

Белгілі журналист өмірден озды

Орал қаласында журналист Дмитрий Терещенко қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz.

Журналистің қазасына жүрек талмасы себеп болуы мүмкін.

Дмитрий Терещенко еңбек жолын студенттерге арналған «Өркен» газетінен бастаған. «Надежда», «Приуралье», «Уральская неделя»,  «Қазақстан Орал» (қазіргі «Ақжайық» – ред.) телеарнасында тілші болды.

Ол өмірінің соңына дейін «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Батыс Қазақстандағы тілшісі болып еңбек етті.

Дмитрий Терещенконы соңғы сапарға шығарып салу рәсімі 11 сәуір күні сағат 12.30-да «Талап» салттық қызмет көрсету орталығының залында өтеді.