Жаңалықтар

Астанада биыл 1 млн ағаш пен бұта отырғызылады

ашық дереккөзі

Астанада биыл 1 млн ағаш пен бұта отырғызылады

Астанада жасыл аумақтардың қатары артады! Биыл елордада миллион жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер) отырғызу жоспарланып отыр. Оның 500 мыңы қалада, тағы осындай мөлшері Астананың жасыл белдеуіне отырғызылады. Жапырақты ағаштарға басымдық беріледі деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Елорданы дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы бес жыл ішінде Астананы бақша қаласына айналдыруды, көпжылдық өсімдіктерді көбірек отырғызуды тапсырды. Қалада көктемгі ағаш отырғызу және «Жасыл Астана» экологиялық айлығы басталды.