Жаңалықтар

Зиялы қауымның қоғамдағы рөлі аса маңызды - Президент

ашық дереккөзі

Зиялы қауымның қоғамдағы рөлі аса маңызды - Президент

Бұл туралы Ақордада берілген ауызашар кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Жалпы, ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы, оның болмысы. Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, яғни руханиятымызға баса мән бергеніміз жөн.

Қазіргі таңда зиялы қауымның қоғамдағы рөлі аса маңызды. Мәдениет қайраткерлері халыққа, ең алдымен, өз туындыларымен танымал болуы керек, қоғамға, әсіресе, жастарға жол көрсетіп, үлгі-өнеге болуы қажет. Жұртымыз зиялы қауымнан сабырлықты, парасаттылықты күтеді», - деді Президент.