Жаңалықтар

Ақмола облысында 4 жасар бала кәріз құдығынан өлі табылды

ашық дереккөзі

Ақмола облысында 4 жасар бала кәріз құдығынан өлі табылды

Ақмола облысында 4 жасар баланың денесі кәріз құдығынан табылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланды деп хабарлады turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 сәуір   сағат 22:00-де  Целиноград аудандық ПБ-не Қараөткел ауылының тұрғыны хабарласып, 4 жасар ұлын іздеп табуға көмек сұраған. Ата-анасының сөзінше, бала сағат 17:30 үй ауласына ойнауға шыққан екен. «Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын қолға алды, соның нәтижесінде баланың денесі үйдің жанында орналасқан кәріз құдығынан табылды. Қазіргі уақытта полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу іс-шараларын жүргізуде. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешімі қабылданады», - деді ПД баспасөз қызметі.