Жаңалықтар

Елдегі 415 жанармай құю бекетінде дизель отыны жоқ

ашық дереккөзі

Елдегі 415 жанармай құю бекетінде дизель отыны жоқ

 Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үйлестіру орталығының отырысында ішкі нарықты мұнай өнімдерімен, оның ішінде дизель отынымен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар талқыланды деп хабаралады turkystan.kz. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазіргі уақытта республикада 309 мың тонна дизель отынының жиынтық қоры бар екенін мәлімдеді. Сонымен қатар сәуір айында тағы 441 мың тонна отын өндірілмек. Осылайша, осы айда дизельдің жалпы көлемі шамамен 750 мың тонна, ал болжам бойынша тұтыну көлемі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ҚТЖ қажеттіліктерін қоса есептегенде, шамамен 510 мың тоннаны құрайды.