Жаңалықтар

Астанада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында байқау өтті

ашық дереккөзі

Астанада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында байқау өтті

Астанада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында «Біздің таланттар» республикалық байқауының қалалық іріктеу кезеңі өтті деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  Байқаудың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың талантын ашу. Республикалық байқаудың I (қалалық) іріктеу кезеңіне 80-ге жуық ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала қатысып, өз өнерлерін көрсетіп жатыр. Байқауға 3 пен 10 жас аралығындағы 80-ге жуық бала қатысып жатыр. Олар 6 номинация бойынша өнер көрсетеді. Олардың қатарында «Алтын дауыс», «Үздік декларатор», «Кішкентай биші», «Жаңа бастаған әртіс», «Оркестр» және «Бармағынан бал тамған» номинациялар бар. «Бүгінгі байқауға 6 жастағы қызымды алып келдім. Медина «Алтын дауыс» номинациясы бойынша «Мама – первое слово» әнін орындайды. Қызымның көңіл-күйі – жақсы. Таңертең үйден шыққанда «Көйлегімді киіп, сахнаға шығып, ән айтамын» деп келді. Әрбір ананың жүрегі балам деп соғады. Қызым сахнаға шығып, өнер көрсеткенде уайымдаймын», - деді ата-ана Меруерт Мұхамеджанова.