Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы ата-анасын іздеп жүр

Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы ата-анасын іздеп жүр

Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы ата-анасын іздеп жүр
ашық дереккөзі
23 жыл бұрын АҚШ азаматтары асырап алған қазақ қызы Сабина Джентри қазақстандықтардан биологиялық ата-анасын іздеп табуға көмек сұрады деп хабарлады turkystan.kz. Ол Қазақстандағы биологиялық ата-анасын іздеп жүргенін Қазақ-Америкалық қауымдастығы ұйымының Facebook-тегі парақшасында жазды. Айтуынша, оны  2000 жылы қазан айында Астанада асырап алған. Сондай-ақ ол туған ағасы барын атап өтті.
 «Баршаға сәлем! Мен бірнеше жылдан бері биологиялық ата-анамды іздеп жүрмін. 2000 жылы 27 ақпанда Астана қаласында дүниеге келдім. Туған анамның аты –Гүлнара Мухадинқызы Ыдырысова, ал биологиялық әкем – Асқар Ыдырысов. Ал өзімнің толық биологиялық атым – Сабина Асқарқызы Ыдырысова. Мен туған кезде анам 29 жаста болған. Сол кезде ол анамның екінші жүкті болғаны белгілі болған. Сондықтан менің ағам бар деп ойлаймын», - деп жазады ол.
Ол туған жылы америкалықтар асырап алып, Вирджинияға алып кеткенін айтады. Қазір колледж бітіріп, Джорджия штатындағы Атланта қаласында тұрып жатыр екен.
«Әлеуметтік желіде кейбір адамдар өздерінің биологиялық ата-аналарын тауып жатыр дегенді естіп жүрдім. Сондықтан мен де мүмкіндікті пайдаланайын деп жазып отырмын. Мен кез-келген көмекке ризамын», – деді ол сөзінің соңында.