Қызылорда облысында жасөспірім аяусыз соққыға жығылған: полиция түсінік берді

Қызылорда облысында жасөспірім аяусыз соққыға жығылған: полиция түсінік берді

Қызылорда облысында жасөспірім аяусыз соққыға жығылған: полиция түсінік берді
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Қызылорда облысында жасөспірімнің аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тарап жатыр деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Видеода екі адамның жерде жатқан жігітті ұрып жатқаны көрсетілген. Олар жігітке «ұйықта» деп соққы мен тепкінің астына алады. Кейін видео әлеуметтік желіден өшірілді. Аталмыш жағдайға қатысты облыстық полицияға пікір білдірді. Тәртіп сақшылары оқиға биыл 6 сәуірінде Қазалы ауданында болғанын айтты.
«Аудандық ауруханадан кәмелетке толмаған баланың емделіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, бұл дерек Қазалы ауданының полиция бөлімінде тіркелді. Жасөспірімнің айтуынша, сол күні Әйтеке би кентіндегі Жалаңтөс баһадүр атындағы саябақта жаңбырдан кейін тайғақ жолда абайсызда құлап қалған. Қазір жігіттің жағдайы қанағаттанарлық, жәбірленуші мен ата-анасынан шағым түскен жоқ», - деді Қызылорда облысының полиция департаменті өкілдері.
Соған қарамастан тәртіп сақшылары әлеуметтік желіде қосымша мониторинг жүргізіп, екі кәмелетке толмаған баланың бұл жасөспірімді соққыға жыққанын анықтады.
«Бұл дерек Қазалы аудандық полиция бөлімінің соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі «бұзақылық» бойынша тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиіс сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер полиция бөліміне жеткізілді», - деді ведомстводағылар.