WBC-дегі қазақстандық боксшылардың рейтингі жарияланды

WBC-дегі қазақстандық боксшылардың рейтингі жарияланды

WBC-дегі қазақстандық боксшылардың рейтингі жарияланды
ашық дереккөзі
WBC-дегі қазақстандық боксшылардың рейтингі жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақтағы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Олардың қатарында алғашқы 15 орынға іліккен қазақстандық былғары қолғап шеберлері бар. Аса ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий 8-орнын сақтап қалса, екінші орта салмақтағы Али Ахмедов төртінші орыннан үшіншіге көтерілді. Ал Геннадий Головкин рейтингіде орта салмақта 1-орында тұрса, Мейірім Нұрсұлтанов бесінші орыннан төртіншіге жайғасты. Сондай-ақ жартылай орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Сергей Липинец төртінші орыннан бесіншіге төмендеді.