Жаңалықтар

Өскеменде соққыға жығылған қыз суицид жасады: полиция пікір білдірді

ашық дереккөзі

Өскеменде соққыға жығылған қыз суицид жасады: полиция пікір білдірді

Әлеуметтік желіде қаладағы сауда орталықтарының бірінде қатарластарынан таяқ жеген қыздың суицидке барғаны туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты полиция қызметкерлері пікір білдіріді деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап. Бүгін зардап шекен қыздың өлімі туралы алып қашпа әңгімелер тарады. Қала тұрғындарының кейбірі мұны рас көріп, желіде көңіл айтып жатты. Аталмыш ақпаратқа қатысты пікір білдірген облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Қаракөз Әбенова бұл факт шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады. «Сонымен қатар полиция департаменті әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, жалған ақпарат таратқаны үшін үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді», – деді ол. Еске салсақ, бұған дейін Өскемендегі сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінің әжетханасында қызды аяусыз соққыға жығылған видео тараған болатын. Кейін қалалық білім бөліміндегілер оқиғаны растап, ұрып-соғуды ұйымдастырғандардың кім екені анықталғанын мәлімдеді.