Астанада 6 көлікті соққан «КамАЗ» жүргізуші іздестіріліп жатыр (ВИДЕО)

Астанада 6 көлікті соққан «КамАЗ» жүргізуші іздестіріліп жатыр (ВИДЕО)

Астанада 6 көлікті соққан «КамАЗ» жүргізуші іздестіріліп жатыр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Елордада жол апатын жасап, ізін суытқан КамАЗ жүргізушісіне іздеу жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«7 сәуірде таңертеңгі сағат 08.20 шамасында «КамАЗ«маркалы көліктің жүргізушісі К.Циолковский көшесімен Абай даңғылына қарай жүріп келе жатып, тұрақта тұрған 6 автомобильді соққан. Бірнеше метр жүргеннен кейін ол көлігінен шығып, оқиға орнынан қашып кеткен», - делінген хабарламада.
Полиция дерегінше, апат салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Қазір жүргізушінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жүріп жатыр. Оның қорытындысымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады», - дейді ведомстводан.
photo
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)