Жаңалықтар

Биыл «Самұрық-Қазына» 1,2 млрд теңгеге 8 аутизм орталығын ашады

ашық дереккөзі

Биыл «Самұрық-Қазына» 1,2 млрд теңгеге 8 аутизм орталығын ашады

Елімізде «Самұрық-Қазына» АҚ «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп, аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған 8 орталық ашады. Онда 1000 баланың еміне жағдай жасалады. Олардың алғашқылары Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күніне орай Шымкент және Павлодар қалаларында қолданысқа берілді деп хабарлады turkystan.kz. Орталықтарды жабдықтау мәселесінде, аутист балалармен жұмыс істеу ерекшелігін ескере отырып әзірленген, үй-жайларды жобалаудың бірыңғай тұжырымдамасы мұқият қаралды. Аутизм спектрі бұзылған балаларды оңалтуда жаңа жабдықтар қолданылады: интерактивті және сенсорлық бөлмелер, роботерапия және басқа технологиялар. Балалармен қарым-қатынаста EN және ISO халықаралық талаптары мен стандарттарына сәйкес келетін берік, қауіпсіз және жылжымалы жиһаз қолданылады. Сонымен қатар, Nao және Furhat атты роботтар мамандарға балаларды тұрмыстық дағдыларға үйретуге, диалог құруға, зейінді дамытуға арналған жаттығулар өткізуге, сондай-ақ кеңістіктегі қозғалысқа көмектесетін болады. «Қазір аутизм спектрі бұзылған балалар тәрбиелеудегі ата-аналарға мамандардың көмегі қолжетімсіз немесе қалтасы көтермейді. «Қамқорлық» орталықтарының ашылуы аутизмнің ауыр түрлерімен ауыратын балаларға олар тұратын жерде ұзақ мерзімді көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Біз «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорларына осындай маңызды әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткендеріне алғысымызды айтамыз», - деді  «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сәйкес, Шымкентте аутизм спектрі бұзылған 220-дан астам, Павлодар облысында 300-ден астам бала тіркелген. Аутизм ең алдымен әлеуметтік өзара әрекеттесу тұрғысынан қиындықтармен, оқытудың ерекше тәсілдеріне мұқтаждықпен және сезім мүшелерінің ақпаратты өңдеудің өзгеше әдісімен сипатталады.