Жаңалықтар

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

ашық дереккөзі

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК 8-10 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның батысында және оңтүстік-шығысында аяз күтіледі. Ал солтүстік пен шығыста жаңбыр жауады. «Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады – жаңбыр жауып, солтүстікте, шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. 9 сәуірде оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда –  жауын-шашын жауады. Ал 10 сәуірде республика бойынша жел соғып, тұман түседі. Батыста және оңтүстік-шығыста 3 градус үсік жүреді», - делінген синоптиктердің болжамында.