Жаңалықтар

Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады?

ашық дереккөзі

Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады?

Қазақстандықтар мамыр айында 3 бірдей мерекені атап өтеді деп хабарлады turkystan.kz.  Мамыр айындағы күнтізбеде 3 мемлекеттік мереке күн бар. Атап айтсақ, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушы күні, 9 мамыр – Жеңіс күні. 1 мамыр дүйсенбіге түсетіндіктен, сәуір айының соңғы демалысы үш күнге созылады. 7 мамыр жексенбіге түседі. Мереке күні демалысқа келіп түссе, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Осылайша 7 мамырдың орнына 8 мамырда демалыс. 9 мамыр күні тағы демалыс. Осылайша қазақстандықтар мамыр айында келесі күндері демалады: - бес күн жұмыс істейтіндер: 1, 6-9, 13-14, 20-21, 27-28 мамыр; - алты күн жұмыс істейтіндер 1, 7-9, 14, 21, 28 мамыр.