Жаңалықтар

UFC-мен келісімшартқа отырған Асу Алмабаев жанкүйерлеріне үндеу жасады

ашық дереккөзі

UFC-мен келісімшартқа отырған Асу Алмабаев жанкүйерлеріне үндеу жасады

UFC-мен келісімшартқа отырған қазақстандық Асу Алмабаев жанкүйерлеріне үндеу жасады. Ол Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, DAR Team командасы мен оның басшысына алғыс білдірді деп хабарлады turkystan.kz. «Осыдан 10 жыл бұрын базарда жұмыс істегенмін. Мұны жанкүйерлерім жақсы біледі. Сол кезде де өзімді UFC-ден көрінетініме еш күмәнім болмады. Міне, бүгін әлемдегі ең мықты промоушенмен келісімшартқа қол қойдым. Мен үшін бұл үлкен жауапкершілік. Аянбай тер төгіп, елімнің абыройын арттырып, биік белестерден көрінуге тырысамын. Ең бастысы, кез келген сәтте бірге болып, маған қолдау көрсетсеңіздер екен. Мен үшін ол өте маңызды!» - деп жазды Асу Алмабаев.