Жаңалықтар

Ғалымдардың инновациялық жобалары таныстырылды

ашық дереккөзі

Ғалымдардың инновациялық жобалары таныстырылды

ҚР Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Еуразия ұлттық университеті БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турын өткізді. Онда университет ғалымдары 20-дан астам ғылыми әзірлемелерін таныстырды. «Ядролық технологиялар паркі» АҚ, «ENU-Lab» ғылыми-өндірістік ғылыми-өндірістік орталығының, ғылыми-зерттеу зертханаларының өнертабыстары паш етілді. Университет ғалымдары әртүрлі ба­ғыт­та 200-ден астам ғылыми жобаны жүзеге асыруда. ЕҰУ-дың ғылыми қызметі 13 фа­культетте және 31 ғылыми-зерттеу орта­лы­ғында жүргізіледі. Ғылыми дәрежесі бар про­фессор-оқытушылар құрамының үлес сал­м­ағы 67 пайызын құрайды, бұл еліміздегі ор­таша көрсеткіштен екі есеге артық. «Бүгінде Мемлекет басшысының жеке ба­қылауымен жүргізіліп жатқан отандық ғы­лымды кешенді дамыту жөніндегі мем­ле­кеттік саясат өзінің алғашқы жемісін беруде деп айтуға толық негіз бар. Университет ғы­­­лымы – бұған айқын дәлел. Біз сутегі энер­гетикасын дамыту, инновациялық құрылыс ма­териалдарын, 3D принтерлерді, жасанды ин­теллектті пайдалана отырып, жаңа тех­но­логияларды әзірлеу үшін нақты сектордың ірі компанияларымен ынтымақтастықты да­мытып жатырмыз. Жақында біз Qazbiofarm холдингімен отандық фармация мен биотехнологияларды дамыту бойынша меморандум жасадық. Ядролық тех­но­ло­гиялар паркі қазірдің өзінде көптеген ин­но­ва­циялық әзірлемелер өндіруде. Біздің мін­де­тіміз – университет ғылымының ел эко­но­микасының нақты секторына қосатын үле­сін арттыру. ЕҰУ бүгінде әлемнің үздік 300 жоғары оқу орнының қатарына кіреді жә­не QS World University Rankings рей­тин­гінде 277-ші орында», – деді ЕҰУ-дың Ғылым, ком­мерцияландыру және интернацио­нал­дандыру жөніндегі проректоры Жанна Құр­манғалиева. Баспасөз туры аясында журналистерге 20-дан астам ғылыми жоба таныс­ты­рыл­ды. «Ядролық технологиялар паркі» АҚ энер­гетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы жә­не медицина үшін экологиялық қауіпсіз өнім­нің 12-ден астам түрін шығарады. Өнер­табыстардың бірі – «Beta sorb» инновациялық гид­рогелі. Радиациялық тігілген супер­сор­бент өнімділікті 30 пайызға арттырып, суару шы­ғындарын 50 пайызға дейін азайтады, со­нымен қатар құрғақшылыққа төзімділікті жә­не топырақ ылғалдылығын сақтауды қам­та­ма­сыз етеді. 1 грамм суперабсорбент 300 грамм суды сақтай алады. Ғалымдар тобы онкологиялық ауру­лар­ды емдеудің тиімді әдістерін зерт­теп жатыр. Бұл жобаның бірегейлігі – пре­па­­­­ратты жасау және оны нанотасымал­дау­шы­лар арқылы рак клеткаларына тікелей ен­гізу. Университеттің аға ғылыми қыз­мет­кері Илья Корольковтың айтуынша, бұл жо­ба­ның артықшылығы – нанотасы­мал­дау­шы­лардың өзіндік ерекшелігінде және олар­ды өзгерту әдістерінде. Ғалым атом энер­ге­ти­касы мен иондаушы сәулеленуден қорғау үшін материалдардың жаңа түрлерін жасау технологияларын әзірлеу туралы егжей-тегжейлі айтты. ЕҰУ Ақпараттық технологиялар фа­куль­теті­нің жасанды интеллект технологиясы ка­федрасының аға оқытушысы Нұрзада Аман­гелді қымбат датчиктерді, бірегей ка­мера­лар мен суперкомпьютерлерді пай­да­лан­бай автоматты ым-ишарамен жеткізіле­тін қазақ сурдоаудармасының қолжетімді жүйе­сін жасаумен айналысуда. Инновация жа­санды интеллектке негізделген және есту қа­білеті нашар адамдардың өмір сүру са­па­сын жақсартуға және олардың білім беру жә­не басқа процестерге кедергісіз интег­ра­циялануына бағытталған. Жүйені қара­пайым компьютердің көмегімен пайдалануға болады. Ғалым Еуразия ұлттық университе­ті­нің коммерцияландыру әлеуеті бар ғы­лы­ми жобалар мен идеяларды қолдауға ар­нал­ған «Jana asu» байқауында грант жеңіп алды. Физик ғалымдар тобы ядролық энер­гетика және иондаушы сәулеленуден қорғау үшін құрылымдық материалдардың жаңа түрлерін жасау технологияларын әзір­леумен таныстырды. Олар радиациялық жүк­темелерге төтеп беруге және қорғауға қа­білетті ядролық және термоядролық реак­торларды жобалау мен құруда қолданылатын болады. БАҚ-тың қызығушылығын жасыл техно­логияларға негізделген постдокторант Әлия Темірбекованың ғылыми жобасы да ту­дыр­ды. Ол алғаш рет бағытталған нанобөл­шек­тер­мен қапталған мультиспектрлі, бак­тери­цидті-фунгицидті жарықдиодты шамдарға негізделген көкөністер мен жемістерді ұзақ­­­мерзімді сақтаудың эксперименттік зертханалық қондырғысын әзірледі. Оның айтуынша, әлемде көкөністер мен жемістерді ұзақ уақыт сақтайтын мұндай кешенді қон­дырғы әлі жоқ. Бүгінгі таңда ғалымдар ал­ғаш­қы сәтті зертханалық сынақтарды жүр­гізуде. Баспасөз туры барысында ғалым Дина Са­тыбалдина қоршаған ортаға зиян­ды шығарындыларды бақылау үшін «элек­т­рон­дық мұрын» әмбебап мультисенсорлы газ ана­литикалық жүйесін таныстырды. Ол әріп­тестерімен бірге «ақылды» қаланың бұлт­ты экологиялық мониторинг жүйесіне ар­налған бағдарламалық жасақтама мен IT құрыл­ғыларының желісін дайындайды. Әзір­леу «электрондық мұрын» түріндегі ауа са­па­сын экспресс-бағалаудың көп тапсыр­малы портативті құрылғыларын әзірлеуге кететін уақыт пен шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. ЕҰУ ғалымдары Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасын насихаттау үшін «Ах­мет­тану» зияткерлік жүйесін әзірлеуде. Сондай-ақ, «Қызықты ономастика» мобильдік қо­сым­шасы құрылуда, оның көмегімен қазақ атау­лары мен географиялық атаулардың тұ­­жырымдамасын білуге болады. ЕҰУ Цифрлық даму және қашықтықтан оқыту де­­­партаментінің директоры Гүлмира Бек­мановтың айтуынша, ғылыми-лингвис­ти­калық негіздер мен IT ресурстар жобасы қа­зақ тілінің функцияларын кеңейтуге және мәдениетін арттыруға бағытталған. Айта кеткен жөн, «Жас ғалым» жобасы бойынша ЕҰУ ғалымдарының қатарына 86 постдокторант қосылды. «500 ғалымның та­ғылымдамасы» жобасы аясында елуден ас­там ЕҰУ ғалымы екінші жыл қатарынан әлем­нің жетекші ғылыми орталықтарында та­ғылымдамадан өтуде. Соңғы бес жылда ЕҰУ ғалымдарының жарияланымдық белсенділігі екі есеге артты. Мақалалардың жартысынан кө­бі Web of Science базасының Q1, Q2 жур­нал­дарында жарияланады.

Б.Балықбай