Жаңалықтар

Алғашқы апта қызу талқымен басталды

ашық дереккөзі

Алғашқы апта қызу талқымен басталды

Мәжілістің VIII сайланым депутаттары жұмыстарына кірісті. Осы аптада жаңа­­­дан жасақталған депутаттар жалпы оты­­рыста екі ратификациялық заңды қа­был­­дады. Жылу энергетикасы туралы тағы бір заңның таныстырылымы өтті. Одан бө­лек депутаттар 11 депутаттық сауал жолда­ған. Талқыланған заңдар мен «AMANAT» фрак­циясы мүшелерінің жолдаған депутаттық сауал­дарына шолу жасап өтсек. Екі ратификациялық заң қабылданды 4 сәуірде Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың төра­ғалығымен Бюро отырысы өтті. онда жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Депутат­тар­дың қарауына екі ратификациялық заң жобасы ұсы­нылады. Олар: Қазақстан Үкіметі мен Төтенше жағ­дайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қа­терін азайту жөніндегі орталық арасындағы ел аума­ғында оның болу шарттары туралы келісім, сон­дай-ақ, Түрікменстан Үкіметі арасындағы Қа­зақ­стан-Түрікменстан мемлекеттік шека­ра­сының режимі туралы келісімді ратификациялау тура­лы заң жобалары. Келесі күні Мәжіліс депутаттары жал­­пы отырыста екі рати­фи­ка­ция­лық заңды қабылдады. Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Үкіметі мен Түрікменстан Үкі­­меті арасындағы Қазақстан-Түрікмен мем­лекеттік шекарасының режимі туралы келісімді ратификациялау жайлы Ұлттық қауіп­сіздік комитеті төрағасының орын­ба­сары Ерлан Алдажұманов баяндады. Ерлан Алдажұманов келісімнің басты мақ­саты – Қазақстан мен Түрікмен­стан арасындағы мемлекеттік шекарадағы қа­тынастардың құқықтық негізін өзара бел­гілеу және реттеу екенін айтып өтті. – Белгіленетін режим адамдардың, кө­лік құралдарының мемлекеттік шекараны ке­сіп өту және өткізу, ол арқылы жүктерді, өз­ге де мүлікті өткізу тәртібін қамтиды. Бұ­дан басқа, ол шаруашылық, кәсіпшілік, зерт­теу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүр­гізуге, сондай-ақ шекарада қоғамдық-сая­си, мәдени және өзге де іс-шараларды өт­­кізуге қатысты болады, – деп толықтырды Мә­жілістің Халықаралық істер, қорғаныс жә­не қауіпсіздік комитетінің мүшесі Конс­тан­тин Авершин. Сондай-ақ, депутаттар Қазақстан Үкі­меті мен Төтенше жағдайлар жә­не дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азай­ту жөніндегі орталық арасындағы ел ау­мағында оның болу шарттары туралы ке­лісімді ратификациялады. Заң жобасының басымдықтары ту­ра­лы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин баяндады. Ал Мәжілістің Эко­логия мәселелері және табиғатты пай­да­лану комитетінің мүшесі Дүйсенбай Тұр­ғанов қосымша баяндама жасады. Со­­ны­мен қатар жалпы отырыста депутаттар бір­қатар жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Олардың қатарында бизнесті жүр­гізу, экспорттық-кредиттік агенттік жә­не шикізаттық емес тауарлардың экс­портын ілгерілету мәселелері бойынша тү­зетулер, сондай-ақ төрт ратификациялық заң жобасы бар. Жылу энергетикасы туралы заңның таныстырылымы өтті 5 сәуірде Мәжілістің Экология және та­б­иғат пайдалану комитетінде «Жы­лу энергетикасы туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер таныстырылды. Жиын­ға комитет төрағасы Еділ Жаңбыр­шин жетекшілік етіп, оған Мәжілістің вице-спикері Альберт Рау қатысты. Заң жобасын Азия даму банкі шақыр­ған халықаралық сарапшылардың тех­никалық қолдауымен Энергетика ми­нистрлігі әзірлеген. Энергетика министрі Ал­масадам Сәтқалиевтің айтуынша, бұған дейін мұндай жеке салалық заң болмаған. Сон­дықтан жаңа жоба ұсынылып отыр. – Заң жобасы жылу энергетикасы сала­с­ын­дағы саясат үшін құзыреттер мен жауап­кершілікті қайта бөлуді көздейді. Энер­гетика министрлігіне қазір Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жүзеге асыратын жылу энергиясын тасы­малдау функциясы бекітілетін болады. Өз ке­зегінде Индустрия және инфрақұры­лым­дық даму министрлігі тұрғын үй-коммунал­дық шаруашылыққа жататын жылу энер­гия­сын елді мекендердің тұтыну бөлігінде жылу­мен жабдықтау жүйелеріне жауапты бо­лады. Сонымен қатар жылу желілеріндегі ба­қылау функциялары жергілікті атқарушы орган­дардан Атом және энергетикалық қа­дағалау және бақылау комитетіне бері­леді, – деді А.Сәтқалиев өз баяндамасында. Оның айтуынша, заң жобасының өзекті аспектісі – жылу энергети­ка­сын дамытудың мастер-жоспарын енгізу. Мас­тер-жоспар аумақтарды дамыту, тұр­ғын үй құрылысы, халық санының серпіні, өнер­кәсіпті дамыту жоспарлары мен бағ­дарламаларымен және басқа да фак­тор­лар­мен өзара байланысты жылу энер­гети­ка­сы­ның жоспарлы үдемелі дамуын қам­та­масыз етуге арналған. Энергетика министрі бү­гінде Қарағанды облысы Шахтинск қа­ласының мастер-жоспарын әзірлеу бойын­ша пилоттық жоба іске асырылғанын ай­тып өтті. – Бұл жоба тарифтік реттеудің нақты жә­не толық қағидаттарын, жылу энергия­сы­на реттелетін тарифтер сәйкес келуі тиіс өл­шемшарттарды, атап айтқанда тарифтік әдістемені жетілдіру, экономикалық негіз­дел­ген тарифті қамтамасыз ету, инвес­ти­ция­лар тарту мүмкіндігін белгілейді. Жылу­мен жабдықтау субъектілеріне емес, ха­лық­тың осал топтарына тікелей бюджеттік қол­дауды жүзеге асыру тетігі қарастырыл­ған, – деп толықтырды ол. Ілеспе түзетулер нәтижесінде, Кәсіп­кер­лік кодекске және төрт заңға, соның ішінде «Электр энергетикасы туралы», «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Баяндамадан соң мәжілісмендер заң жобасын талқылады. Заң жобасын талқылау одан әрі жұмыс тобында жалғасады. Депутаттар 11 сауал жолдады 5 сәуірде «AMANAT» партиясы фрак­ция­­­сының мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетов Пре­мьер-Министр Әлихан Смайыловқа мал жү­нінен сапалы жамылғыларды дайын­дай­тын отандық кәсіпкердің өнімін қорғауға қатысты депутаттық сауал жолдады. Депутат «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Ха­лық­пен бірге» сайлауалды бағдарламасында ай­­тылған отандық өндірісті дамыту мә­се­ле­сін тілге тиек етіп, ішкі өнімді өндірудің ұтым­ды жақтарын қарастыру басты назар­да болуы қажет екенін айтты. Ол Атырауда Италия техноло­гия­сы­мен 300 тонна қойдың, 100 тонна түйе­нің жүнін тазалап, бояп, иіріп дүние­жү­зілік стандартқа сәйкес жамылғы (одея­ло) шығаратын тамаша өндіріс айна­лым­да­ғы қаржының жетпеуінен қиындық кө­ріп отырғанын айтты. – Теміржол, балабақша, аурухана, мек­теп интернаттары, демалыс орындары ба­ғасы төменірек синтетикалық жамыл­ғы­лар сатып алуда. Ол жамылғылар шет ел­дер­­ден келеді. Бұл жерде коррупциялық қы­зығушылық та құр емес. Партиясының саи­̆лауалды бағдарламасында мемлекеттік са­тып алу кезінде айқындаушы көрсеткіш ба­ға емес, оның сапасында болуы керек еке­ні айтылған. Еліміздегі мал жүнін пай­да­лану аса маңызды екенін ескеріп, мем­ле­кеттік сатып алу заңына өзгерістер мен то­лықтырулар енгізгенде ғана ішкі өнімді қол­дайтын осындай ұсыныстарды ескеруді сұраи­̆мын, – деп жазылған сауалда. 5 сәуірде Ерлан Саиров бастамасымен «AMANAT» фракциясының барлық мү­ше­лері Бас Прокурор Берік Асыловқа, Ұлт­тық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Ермек Сағымбаевқа, Премьер-Министрдің орын­ба­сары Алтай Көлгіновке сепаратизмге бай­ланысты сауал жолдады. Петропавл қаласындағы бірқатар азаматтың Конституцияға қайшы келетін мәлімдемелері қоғам арасында ре­зо­нанс туғызып, бүкіл халықтың мазасын алғанын алға тартқан депутаттар бұл оқиға еліміздегі құқықтық сана және қоғамдық про­цесс салаларында фундаменталды проб­лемалардың бар екенін көрсеткенін жа­зады. – Қылмыстық Кодексте Қазақстан Рес­пуб­ликасының тұтастығын бұзуға жария түр­де шақыру әрекеттеріне ауыр жаза қа­рас­тырылған! Бұл оқиға еліміздің ақпараттық-қо­ғам­­дық саласында да терең проб­ле­ма­лардың да бар екенін көрсетті. Мемле­кет­тің және шекаралық аймақтардағы ақ­параттық қауіпсіздік проблемасы ушы­ғып тұр. Сондықтан, Қазақстанның әрбір аза­ма­ты мемлекеттің бірлігі мен елі­міз­дің территориялық тұтастығы үшін аян­бай еңбек етіп, күресуі керек. Бұл барлығымыздың перзенттік па­ры­зы­мыз! Қазақстанда Сепаратизмге жол жоқ! – деп жазылған сауалда. Бұл барша азаматтың талап-тілегі еке­­нін айтқан «AMANAT» партиясы фрак­циясы мүшелері Үкімет құзырлы ор­ган­дармен бірлесе отырып, жедел қадамдар жа­сауы маңызды деп есептейді. Біріншіден, фракция мүшелері құ­зыр­лы органдар еліміздің мемлекет­тік бұлжымастығы мен территориялық тұтастығына нұқсан келтіруге ниетті жа­сы­рын, жасырын емес топтарға қатысты құ­қық­тық тексеру жүргізіп, олардың та­мырына балта шабу қажет екенін айтады. – Халық арасында құқықтық ағарту жүр­гізе отырып, азаматтардың әрбір сөзі мен қа­да­мының құқықтық терең салдары жө­нін­де ескерту өте маңызды, – бұл – екін­ші қадам. Үшіншіден, жастар, ересектер ара­сын­да патриотизм, мемлекеттік мүд­де құндылықтарын уағыздайтын кон­цептуалдық бағыт-бағдар жасау уақыт та­лабы екенін жазыпты. Одан соң шекаралық аймақтарда мем­лекет ақпараттарын жеткізу те­тік­терін әзірлеу қажет екені, бесіншіден, азаматтардың өз елінің, мемлекетінің то­лық­қанды мүшесі екенін сезіндіретін те­тіктер қалыптастыру үшін нақты қадамдар ке­рек екені де айтылған. «AMANAT» партиясы фракциясының мү­­шелері С.Мұсабаев, Е.Жаңбыршин Д.Тұр­ғанов, Е.Саиров, Ж.Сүлейменова, М.Жайым­бе­тов, Н.Сәрсенғалиев Мемлекеттік қызмет іс­тері агенттігінің төрағасы Дархан Жазық­баев­­қа мемлекеттік қызмет саласындағы қа­­зақ тілінің жағдайы туралы сауал жол­да­ған. Қазақ тілінің Заңмен бекітілген биік мәр­тебесіне қарамастан, бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қызмет саласында ана тілі­міз­дің ресми тілдің тасасында қалып отыр­ға­нын айтқан депутаттар мемлекеттік лауа­зым­ды қызметке тұру үшін өткізілетін кон­курс қағидаларын сынады. Яғни, депутаттар шенеуніктердің қа­зақ тілін меңгеру деңгейін анық­тайтын тестілеудің мәні жалпы нәтижеде есептелмеуі – ана тілге деген құрметтің жоқ екенін көрсететінін айтады. – Мемлекеттік қызмет істері және сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақ­пандағы 40-бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 16-тармағында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге ар­налған тестілеуден өту үшін мән белгі­лен­бейді» деп жазылған. Демек бұл, мемлекеттік қызметке өту ба­­­­рысындағы тапсырылатын тесті­леу­де қа­зақ тілінің қажеттілігі жоқ екенін біл­діреді. Қазақ тілінен сынақ тапсырушылар 20 сұраққа 20 минут ішінде жауап беруі керек. Аталған 20 сұрақтың нәтижесі ешқандай есепке алынбайды. Мысалы «Б» корпусының мем­лекеттік қызметке өту сынағында 9 нормативтік құқықтық актілер бойынша қамтылған 130 сұрақтың белгілі бір межесі көрсетілген. Ал қазақ тілінен өту межесі ай­қындалмаған. Бұл ана тілге деген құр­меттің мүлдем жоқтығын көрсетеді, – деп жазылған сауалда. Депутаттар мемлекеттік қызметке өту кезіндегі тестілеуде қазақ тілі есеп­ке алынып, үміткер 100 пайыз мем­ле­кет­тік тілден оң нәтиже көрсету керек де­ген норма енгізуді ұсынды. – Қазақстан Республикасында қазақ ті­лін меңгермей-ақ мемлекеттік қызметкер атану­ға болатын болса, оны тест сұрақ­та­рына қосып біздер кімді алдап жүрміз? Біз­ге түсініксіздігі, мемлекеттік қызметке өт­кен азаматтарға берілетін сертификатта «Үміт­кер Қазақстан Республикасының мем­лекеттік тілі мен заңнамаларын білуге ар­нал­ған тестілеуден сәтті өтті» деп жазы­ла­ды. Бұл анық көзбояушылық емес пе? Осыған орай, біздің ұсынысымыз – мемлекеттік қызметке өту кезіндегі тест­ілеуде қазақ тілі есепке алынып, үміт­кер 100% мемлекеттік тілден оң нәтиже шы­ғару керек деген нормалар енгізілсін. Нәтижесі туралы ақпаратты «Қазақ­стан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі ту­ралы» Конституциялық заңның 27- бабына сәи­̆кес жолдауыңызды сұраймыз, – дейді депутатар. Одан бөлек, депутаттар автожолдардың сапасы, баспанаға мұқтаждықты жою мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды жаңартып, қайта қарау, саяси тұтқындар, Екібастұздағы жылу желілерін жөндеуге қаражат бөлу, мәдениет саласындағы қызметкерлердің жалақысы сияқты бірқатар мәселелерді көтеріп, жауапты мекемелерге сұрақ жолдаған. Депутаттардың алғашқы жұмыс аптасы осылайша түйінделіп отыр.