Алматыда көлік жүргізушісі жасөспірім қызды қағып кеткен

Алматыда көлік жүргізушісі жасөспірім қызды қағып кеткен

Алматыда көлік жүргізушісі жасөспірім қызды қағып кеткен
ашық дереккөзі
Алматыда велосипед мінген қызды көлігімен қаққан жүргізуші іздестірілуде деп хабарлады turkystan.kz. Әлеуметтік желіде көлік қаққан қыздың видеосы шықты. Желі қолданушының мәліметі бойынша, 4 сәуір, кешкі сағат 18:00-де Достық даңғылында 875ALS02 мемлекеттік нөмірі бар автокөлік қағып кеткен. Оқиға салдарынан қыз әртүрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілген. Жол-көлік оқиғасын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тіркеп, тексеру жүргізіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, автокөлік Достық даңғылымен оңтүстік бағытта бара жатқаны анықталды. Қарама-қарсы бетке бұрылу кезінде жүргізуші велосипедпен келе жатқан кәмелетке толмаған қызды қаққан. Қазіргі уақытта зардап шегуші ауруханада жатыр. Оның алған дене жарақаттарына сот-медициналық сараптамалар тағайындалатын болады. Сонымен қатар, оқиға бойынша орнынан жасырынған жүргізушіні анықтау бойынша іздестіру-анықтау іс-шаралары жүргізілуде.