Жаңалықтар

«AMANAT» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты

Бүгін «AMANAT»-тың Астана қалалық филиалында партияға жаңа мүшелерді қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Білім беру, денсаулық сақтау, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жастар белсенділері және басқалар партия қатарын толықтырды. Филиал төрағасының орынбасары Сақтаған Сәдуақасовтың айтуынша, партия құндылықтары ортақ және елдің болашағына бейжай қарамайтын адамдардың басын біріктіреді. «AMANAT» әрқашан қоғамдық-саяси процестердің бел ортасынан табылады. Біздің партиямыз – еліміздегі басты саяси күші және Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі. Партия қатарына қосылу өзіңізбен пікірлес адамдардың ортасында болу ғана емес. Бұл, ең алдымен, өз біліміңіз бен тәжірибеңізді Отанымыз бен халқымыздың игілігі жолында жұмсауға жасалған мүмкіндік екеніне сенімдімін. Алдағы уақытта партиялық жобаларды жүзеге асыруға атсалысасыздар деп үміттенемін. Барлық игі бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!» - деді Сақтаған Сәдуақасов. «Шын мәнінде өте қатты толқып тұрмын. Партия қатарына кіруге саналы түрде шешім қабылдадым. Өйткені, «AMANAT» – бұл нақты істердің партиясы. Көп іс тындырылып жатыр және мен осы өзгерістердің бір бөлігі болғым келді. Баршаңызды құттықтаймын және сенім білдіргендеріңіз үшін алғысымды айтамын», – деді ол. Өз кезегінде «AMANAT»-тың Павлодар қалалық филиалының төрағасы Санира Жүсіпова жаңадан қосылған партиялықтарға табыс тіледі. Іс-шара соңында Иса Байзақов атындағы облыстық филармония әртістері мен басқа да шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерт өтті. Өңірде барлығы 213 бастауыш партия ұйымына біріккен 48 мыңнан астам партия мүшесі бар.