Toǵyzqumalaq коллекциялық монеталары сатылымға шығады
Toǵyzqumalaq коллекциялық монеталары сатылымға шығады
Қазақстан Ұлттық банкі 10 сәуірден kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады. Шақалар «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясына жатады деп хабарлады turkystan.kz ҰБ-ға сілтеме жасап.
Номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған TO Ǵ YZQUMALAQ коллекциялық монетасы (дайындау сапасы proof және black proof):
- массасы 31,1 грамм;
- диаметрі 38,61 мм;
- номиналы 500 теңге;
- таралымы 3 мың дана;
- дайындау сапасы proof;
- күмістен (нүктелі алтын жалату және интерференциялық түрлі-түсті жабын технологиясын қолдана отырып) жасалған.
Номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған монета (дайындау сапасы proof):
- массасы 15 грамм;
- диаметрі 33 мм;
- дайындау сапасы brilliant uncirculated;
- номиналы 100 теңге;
- таралымы 20 мың дана;
- МН 25 мельхиор қоспасынан тұрады;
Номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан жасалған монета:
- массасы 11,17 грамм;
- диаметрі 31 мм;
- дайындау сапасы uncirculated;
- номиналы 100 теңге;
- таралымы 100 мың дана;
- МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан тұрады.
Сондай-ақ номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған монета ұсынылады.