Жаңалықтар

Әбілхан Аманқұлдың келесі қарсыласы белгілі болды

ашық дереккөзі

Әбілхан Аманқұлдың келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық Әбілхан Аманқұлдың кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды. Бұл туралы «Suleimen Promotions» баспасөз қызметі хабарлады деп жазды turkystan.kz. Жекпе-жек 15 сәуірде АҚШ-тың Калифорния штатындағы Помона қаласында өтеді. Кездесу сегіз раундтық жекпе-жекке белгіленген. Қарсыласы - екінші орта салмақтағы боксшы, мексикалық Даниэль Эчеверриа.