Жаңалықтар

Әлімханұлы чемпиондыққа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

ашық дереккөзі

Әлімханұлы чемпиондыққа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Орта салмақта WBO чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы өз дивизионындағы қалған үш белбеуді жиып алмақ екенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 13 мамырда спортшымыз Калифорниядағы "Стоктон-Аренада" канадалық Стивен Батлермен 12 раундты жекпе-жек өткізеді. Бұл айқаста Жәнібекке тиесілі WBO белбеуі сарапқа салынады. "Менде бір титул бар, енді маған тағы үшеуі керек. Иншааллах, мен барлық титулды жинаймын" деп жазды ол әлеуметтік желіде.