Жаңалықтар

Үкіметте тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселесі талқыланды

ашық дереккөзі

Үкіметте тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселесі талқыланды

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте тау-кен металлургия кешенін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды деп хабарлады turkystan.kz Үкіметке сілтеме жасап. Атап айтқанда, геологиялық барлауға халықаралық стандарттарды енгізу жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ кен орындарын игеру тиімділігін арттыру және салаға инвестициялар тарту жөніндегі шаралар қаралды. Талқылау барысында Премьер-министр тау-кен металлургия кешенінде жаңа бастамалар мен жобаларды іске асыру кезінде мемлекет пен бизнес мүдделерінің балансын сақтау қажеттігін атап өтті. Кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берілді.